A-club

«A-club» клубының жетістіктері

  • 2019 жылы «Қазақстан Республикасының президенті Қ.К.Тоқаев халыққа жолдаған жолдауы» тақырыбы аясында конференция өткіздік.
  • 2019 жылы Академия активисттары ЖОО аралығында өткен Жастар форумына қатысты.
  • 2019 жылдың 7 желтоқсан күні «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы аясында Қазақстан дық қоғамды жаңғырту» атты студенттер мен жас ғалымдардың  халықаралық  ғылыми теориялық конференция өткен болатын. Конференцияға Клуб мүшелері спикер ретінде қатысып, ЖОО –нан келген қонақтарымызды күтіп алумен айналысты.
  • 2021 жылы ЖОО арасында өткізілген конференцияда Рыскулбек Анель жүлделі орынға ие болды.
  • «A-club» клубының экс-төрайымы Есенгужанова Шәрбану BILIM JANE ORKENIET ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ЖАСТАРЫ атты республикалық ғылыми- әдістемелік журналының   №1 шығарылымына Қазақстанның Үздік Жастарының бірі ретінде   жарияланды.
  • Клубымыздың мүшесі Жетпіс Дана Үздік студент-2020 байқауының жеңімпазы атанды.
  • Клубымыздың белсенді мүшелері Абай әлемі жалпыұлттық онлайн студенттік фестиваліне қатысып, сертификаттармен марапатталды.
  • Пандемияға байланысты барлық мерекелерде клубымыздың студенттері белсенді түрде видео құттықтаулар түсіруге тырысты.
  • 2021 жылы «Халықаралық Д. А. Қонаев қоры» Дінмұхамед Ахметұлының 110 жылдық мерейтойына дайындық аясында «Ақиқаттан аттауға болмайды» атты кітабын қайта басып шығаруына байланысты өткізген дөңгелек үстелге клубымыздың студенттері де қатысты.
  • 2022 жылы көптеген дөңгелек үстелдер, байқаулар, олимпиадалар мен конференциялар өтті. Бүгінгі күнге дейін әр түрлі елімізде болып жатқан маңызды мәселе тақырыптарына дөңгелек үстелдер өткізіліп отырады. Қазіргі таңда 1 курс  студенттері өз ойларын еркін әрі тиянақты етіп,  Академия ішіндегі және басқа да ЖОО-ның арасындағы  конференцияларға қатысып жүр.

Авторские права на этот сайт и его содержимое защищены законами РК. Создание сайта осуществлено в AlmatySite.kz