Оқуға түсу үшін
онлайн өтініш білдіру

8 (727) 313-11-55, 8 (701) 513-11-55

Басты бет Басты Басқару академиясы

Академия басшылығы

Академияның негізін қалаушы – заң ғылымдарының докторы, профессор Жалаири Өмірәлі Шакарапұлы өзінің ғылыми педа­гогикалық қызметін С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің заң факуль­тетінің ассистенті болып бастап, 1992 жылы әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ-нің «Қонституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасын басқарып, ірі заңгер-ғалым әрі көрнекті ұйымдастырушы ретінде қалыптасқанға дейінгі барлық негізгі кезеңдерді бастан өткер­ген жан. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Өмірәлі Шакарапұлы біздің еліміздегі озық ойлы қоғамдық қай­раткерлердің арасында ерекше орынға ие. Ол беделді ғалым және көрнекті қоғам қайраткері. Алматы облысының және Ескелді, Кер­бұлақ аудандарының Құрметті азаматы. 

2003 жылдан бері Жалаири Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы құқықтық саясат Кеңесінің мүшесі, сөйтіп, Қазақстан­ды нағыз құқықтық мемлекетке айналдыру сияқты күллі еліміз үшін өзекті мәселелерді талқылауға белсене қатысуда. 2005 жылы тамыз айында «Заңгерлер әділетті сайлау үшін» Ре­спубликалық Бірлестігі құрылып, оның Алматы облысындағы Басқармасының Төрағасы әрі сайлауды бақылау жөніндегі Коми­теттің Үйлестіруші Кеңесінің Төрағасы болып Өмірәлі Шакара­пұлы Жалаири сайланды. 

Профессор Жалаири Қазақстан Республикасының Кримонологи­ялық ассоциациясының президенті және Ресей криминалистер және криминологтар Одағының Орта Азиядағы әрі Қазақстандағы өкілі, халықаралық заңгерлер Одағының мүшесі. 2007 жылы кон­ституциялық реформа кезеңінде профессор Жалаири Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы – Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі Жұмыс тобының мүшесі болды. Сонымен қатар 2017 жылы профессор Жалаири мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді бөлу мәселелері жөніндегі Жұмыс комиссиясының мүшесі болып сайланды. 

Оның басшылығымен 6 докторлық және 70-тен аса кандидаттық диссертациялар қорғалды. 2012 жылы Петров ғылым және өнер академиясының (Санкт-Петербургте) корреспондент-мүшесі бо­лып сайланды. Қазақстан жоғары мектебі ғылыми академиясының академигі, Қазақстан Педогогика Ғылымдары Академиясының мү­шесі (академигі) профессор Жалаири отандық ғылымға сіңірген еңбегі және отандық білім беру ісін дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен, «Конституцияның 10 жылдығы», «Консти­туцияның 20 жылдығы» мерекелік медальдарымен марапатталды.

Мекен-жайы: 050022, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Құрманғазы к-сі, 107, Байтұрсынов к-сі, кеңсе 404.

телефон: +7 (727) 3507888 факс: 2929877

Электрондық пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Дархамбаева Кашипа Рахымбекқызы- қаржы және жалпы мәселелер бойынша проректор. 

1970 жылы С.М.Киров атындағы Қаз.МУ-дің заң факультетін бітірді. 1968-1982 жылдар ара­лығында Талдықорған аудандық атқару коми­тетінде, Алматы қаласындағы Ленин ауданының аудандық тұрғын үй басқармасында бас бухгал­тер болып қызмет атқарды. 1982-1989 жылдар аралығында Абай атындағы Қаз ПИ-да кадр бөлімінің бастығы әрі заңгер бо­лып жұмыс істеді. 1990-1994 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ-де заңгер кеңесші қы­зметінде болды. 

Жоғары оқу орындарында орасан зор іс-тәжіри­бесі бар, ол Академияның негізін салушылардың бірі. 1993 жылдан бастап қазіргі таңға дейін қаржы мәселелері бойынша проректор әрі қаржы және шаруашылық мәселелеріне басшылық жасайды. Академияда жұмыс істеген жылдары материал­дық-техникалық базаны дамытуға және нығай­туға, білім беру жүйесін және жаңа ғимараттар құрылысын техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге сүбелі үлес қосты. 2003 жылы білім беру ісін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім Мини­стрлігінің алғыс хаты тапсырылды. 2008 жылы «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құр­метті қызметкері» медалімен марапатталды. 2017 жылы «Білім беру ісінің үздігі» құрметті атағы, сондай-ақ Алматы қаласы әкімінің білім беру және ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін мақтау грамотасы берілді. 

405 бөлме, 4 қабат

телефон: +7 (727) 3507888. ішкі 204

Өмірәлі Жәзира Өмірәліқызы- бірінші проректор, заң ғылымдарының докторы, азаматтық құқық пәні кафедрасы­ның доценті. 

2000 жылы Қазақ Мемлекеттік Заң Академиясын заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша тәмәмдады. 2005 жылы Д.А.Қонаев атындағы университеттің аспирантурасын бітірді. 2006 жылы «Қазақстан Респуликасы мемлекеттік теті­гіндегі сот билігі» тақырыбында кандидаттық, 2010 жылы «мемлекеттік-ұйымдастырушылық қоғамдағы сот билігі: қызметтің теориялық-құқықтық, ұйымдастырушылық негіздері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 2012 жылы ғылым саласындағы табыстары үшін ҚР ҒБМ-нің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбе­гі үшін» төсбелгісімен марапатталды. 50 шақты мақаласы, 3 монографиясы жарық көрді. ЖОО-ның ғылыми-әдістемелік және басқару саласында кәсіби шеберлігін жоғарылатуды жалғастыруда және академия студенттерімен жұмыс істеу ба­рысында өзінің кәсіби білімі мен дағдыларын жетілдіруде.

404А бөлмесі, 4 қабат

телефон: +7 (727) 3507888. ішкі 212

электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Өмірәлі Әлима Өмірәліқызы- инновациялық техноло­гиялар және жалпы мәселелер жөніндегі проректор, з.ғ.к., конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-тін маркетинг мамандығы бойынша, сондай-ақ Д.А.Қонаев атындағы заң универси­тетін құқықтану манадығы бойынша бітірді. 2010 жылы құқықтану бойынша «ҚР сот билігінің әлеуметтік-бақылау функцияларын дамыту мәселе­лері»тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. ҚР сот билігі мәселелерін зерттеумен айналысады. ҚР білім және ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

405 бөлмесі, 4 қабат

телефон: +7 (727) 3507888. ішкі 777

электронды пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 Ильясова Бақтыгүл Қуанышқызы- оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі проректор, заң ғылымдарының канди­даты, доцент. 

1996 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда педагогикалық университетін бітірді. 1999 жылы академиялық құқықтық оқу институтын «құқық тану» мамандығы бойынша тәмамдады. 1999-2003 жылдар аралығында Қаз.МЗА аспирантура­сында білім алды. 2008-жылы әл-Фараби атындағы ҚҰУ диссертациялық кеңесінде «Қазақтың дәстүрлі құқығындағы салық салу нормалары» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 

З.ғ.к.Ильясова Б.К. 20 жылдан астам уақыт бойы ғылыми және педагогикалық қызметпен айналысады, 40-тан астам ғылыми мақаласы, халықаралық жарияланымдары, 1 монографиясы жарық көрді. Қазақстан Республикасының мем­лекет және құқық тарихына байланысты Хрестоматияны дайындау жөніндегі 2017 жылғы (1 том) және шетелдердің мемлекет және құқық тарихына байланысты Хрестоматияны 2017 жылғы (1том) авторлар ұжымының мүшесі.

404А бөлмесі, 4 қабат

телефон: +7 (727) 3507888. ішкі 212

1Алибаева Гүлнар Айтжановна – ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі проректор, заң ғылымдарының докторы, доцент.

Свердлов заң институтын бітірді. 1998 жылы – 10.00.02 «Жергілікті атқарушы органдар қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздерін дамыту» тақырыбында кандидаттық қорғады. 

2010 жылы 12.00.02.мамандығы бойынша «Қазақстан Республикасы атқарушы билік органдарының құқықтық мәртебесін жетіл­дірудің теориялық проблемалары» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 

1995 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Д,А.Қонаев атындағы академияда жұмыс істейді. 

1995ж.- Аға оқытушы, мемлекеттік құқық пәні кафедрасы меңгерушісінің орынбасары; 1998-2005 ж.ж. университет деканы. 2001ж.- Конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының доценті, Д.А.Қонаев университетіндегі Біріккен диссертаци­ялық кеңестің ғылыми хатшысы. 2011ж-ғылыми-зерттеулер жұмысы жөніндегі проректор. 2011 жылдың қаңтарынан бастап Қы­рғызстан Республикасы Үкіметі жанындағы Қырғыз мемлекеттік заң академиясының Д.12.11.033 Диссертациялық кеңесінің мүше­сі. 50-ден астам ғылыми мақалалардың, сондай-ақ оқулықтар мен монографиялар авторы. 

Алибаева Г.А. ғылыми, оқу және тәрбие ісі жұмыстарындағы жоғары көрсеткіштеріне орай 2003 жылы «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды.

Жаңалықтар

Студенттер қатарына қабылдау-2019
31.10.2019 Толығырық...
Ректор кубогына мини-футболдан турнир аяқталды
25.10.2019 Толығырық...
Кәсіпкерлік бойынша Мотивациялық күн "кәсіпкер алаңы"
17.10.2019 Толығырық...
Рухани келісім күніне арналған салтанатты іс-шара
18.10.2019 Толығырық...
Академия қабырғасында Жастар жылына байланысты өзекті мәселеге өткізілген пікірсайыс.
03.10.2019 Толығырық...
«Бірге таза Қазақстан!» экологиялық акциясы
30.09.2019 Толығырық...
"Болашақ" бағдарламасының түлегімен "Шетелде білім алу. Артықшылықтар мен қиындықтар, мансаптық перспективалар» атты дәріс
20.09.2019 Толығырық...
Бірінші курс студенттерінің ректормен кездесуі
02.09.2019 Толығырық...
Алматыда медиаторлар барлық ниет білдірген азаматтарға кеңес берді
08.08.2019 Толығырық...
Біздің жеңімпазымыз!!!
17.05.2019 Толығырық...
«Экономикалық және жалпы білім беру пәндер есік күні »
30.04.2019 Толығырық...
БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ
25.04.2019 Толығырық...
Дәстүрлі мейрам Ұлыстың Ұлы Күні – Әз Наурыз!
25.04.2019 Толығырық...
«Үздік студент ТМД – 2019» байқауы
22.04.2019 Толығырық...

Еуразиялық заң академиясы Д.А. Қонаев көрермендермен кездесуді жалғастыруда 9 қабат – 27.03.2019, уақыт 14:30.

Бірінші курс студенттерімен кездесу кестесі
24.03.2019 Толығырық...
3165057
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы күн
1916
3108
14936
3128963
47413
98051
3165057

Сіздің IP: 3.233.226.151
Уақыт: 2019-11-15 11:50:02
Келушілер қарсы

Біздің серіктестер

  • 0010.png
  • 0011.png
  • 0012.png
  • 0013.png
  • 0014.png
  • 0015.png
  • 0016.png
  • 0017.png
  • 0018.png
  • 0019.png
  • 0020.png
  • 0021.png
Байланыс телефондары
Біздің мекен-жайымыз:



Алматы қаласы, Құрманғазы 107,

Байтұрсынов көшесінің қиылысы
Телефондар:
8 (727) 313-11-15, 8 (701) 513-11-55

Whats Up: 8 (701) 513 11 55
  vk.com/vuzkunaeva
  @academy_of_kunaev
  Канал на YouTube