Оқуға түсу үшін
онлайн өтініш білдіру

8 (727) 313-11-55, 8 (701) 513-11-55

Басты бет Басты жаңалықтар Республикалық бірыңғай медиация күні

Республикалық бірыңғай медиация күні

2018 жылы 3 тамызда Алматы қаласы Достық үйінің баспасөз залында Республикалық бірыңғай медиация күніне арналған іс-шара өтті.

Іс-шараға Республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен белсенділері, Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы мен Абая атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ҚХА кафедраларының өкілдері, Алматы қалалық және аудандық соттарының, кәсіподақ өкілдері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, Алматы қаласы прокуратура органдарының қызметкерлері, медиация орталықтарының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының өкілдері және басқалар қатысты.

Іс-шара аясында қалалық және аудандық соттар, прокуратура органдарының, Алматы қаласы ЭМБ өкілдері мен ҚХА құрылымдары өкілдерінің баяндамалары дайындалды. Сонымен бірге, іс-шара барысында, медиациялық көмекті қажет еткен қала тұрғындары, түрлі мәселелер бойынша кеңес алды.

Баяндамалар Алматы қаласы ҚХА төрағасының орынбасары – Мамсуров Казбек Владимировичтің алғы сөзінен басталды. Ол қатысушылармен сәлемдесіп, медиацияның этносаралық дауларды реттеу құралы ретіндегі маңыздылығын атап өтті. Содан соң, сөз іс-шара модераторы: Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ҚХА кафедрасының меңгерушісі – Батталханов Болысбек Заманбекұлына берілді. Болысбек Заманбекұлы іс-шараға келгендерге медиацияның мағынасын, мақсатын және маңыздылғын түсіндіріп, медиативтік келісімдерді жасау мен медиация үрдісінің кезеңдеріне тоқтап айтты.

Кейін сөз баяндамашылардың өздеріне берілді. Іс-шарада баяндамаларын ұсынғандар: Асиев Шахисмаил Ахметович – «Ахысқа» республикалық түрік этномәдени орталығы жетекшісінің орынбасары; Умбеталиева Камчат Мелис-қызы – Медеу аудандық сотының судьясы; Лукашев Всеволод Анатольевич – Қазақстандық орыс мәдени орталығының төрағасы; Сегізбай Ержігіт – кәсіби медиатор. Баяндамашылардың барлығы заманауи әлемдегі медиацияның маңыздылығына тоқталып, медиация қызметінің қағидаларын түсіндірді және өз жұмысы аясында медиация үрдісінің ерекшеліктерін атап шықты.

Баяндамалармен бірге, журналисттер мен БАҚ өкілдеріне арналған медиация бойынша мастер-класс ұйымдастырылды. Мастер-класс барысында медиация үрдісінің БАҚ аясындағы ерекшеліктері түсіндірілді.

Ары қарай бағдарлама бойынша, еңбек, заң және басқа даулар бойынша кеңесті қажет еткен халықты қабылдау басталды. Қабылдауды Медиацияны дамыту орталығының, прокуратура органдарының, кәсподақтардың және соттардың өкілдері жүргізді. Іс-шара барысында консультациялық көмекті алуға 12 азамат келді. Олардың барлығына еңбек даулары, сот шешімдерін жүзеге асырмау мәселесі, жер қатыснастары бойынша даулар, баспаналық даулар мен құқыққорғау органдарына арыздану мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетілді. Жалпы іс-шараға 150 адам қатысты. Олардың арасында зейнеткерлер, мекемелер қызметкерлері, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, студенттер, мүгедектер және басқалара бар.

Іс-шара маңызды көмек алған азаматтардың алғыстарымен аяқталды.

Іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарынан: «СТВ» және «Қазақстан» телеарналары, «Отан сақшысы», «Вечерний Алматы», «Deutsche Allgemeine Zeitung», «Ахыска», «Алтын көпур», «Егемен Қазақстан», «Уйгур Авази» газеттері және «KazInform» ақпараттық порталы қатысты

Жаңалықтар

20.09.2018ж. Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы Qazaqstan Halqy Tilderi Kunin атап өтті.

Мереке «Qazaqstan Halqy Tilderi Kuni»
12.10.2018 Толығырық...

«Тілім менің – тұғырым» атты мерекелік іс шара Д.А.Қонаев атындағы Колледжде. Д.А.Қонаев атындағы Колледжде 28 қыркүйекте Елбасымыз Нұрсултан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Тілім менің-тұғырым» атты іс-шара болып өтті.

Іс-шара «Тілім менің – тұғырым»
08.10.2018 Толығырық...

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген «Туған жер» атты бағдарламасын іске асыру мақсатында, Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы бірінші курс студенттері мен профессор-оқытушыларына.

Тау бөктеріне саяхат
21.09.2018 Толығырық...

Еуразиялық заң академиясында. Д.А. Қонаев фестивалі өтеді.

«Қазақстан-ортақ шаңырағымыз» фестивалі
17.09.2018 Толығырық...

2018 жылы 3 тамызда Алматы қаласы Достық үйінің баспасөз залында Республикалық бірыңғай медиация күніне арналған іс-шара өтті.

Республикалық бірыңғай медиация күні
03.08.2018 Толығырық...

Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының түлектері 20-21 маусым аралығында үлкен өмірге қадам басты. Екі күн бойы оқу ордасын тәмамдаған 353 студент көптен күткен дипломдарын қолдарына алып, бакалавр және 167 магистрант атанды.

Үлкен өмірге қадам
21.06.2018 Толығырық...

Елімізде жыл сайын «Жылдың ең үздік студенті» «Келісім бекеттері» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен республикалық конкурсы өтеді. Конкурсқа Қазақстан жоғарғы оқу орындарының үздік студенттері қатысқан.

«Үздік студент – 2018» конкурсының жүлдегері Ульченко Анна
27.04.2018 Толығырық...

15 сәуір 2018жылы Алматы қаласында, "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы мен "Rayyan" продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен: Алматы қаласындағы "Алмалы" мейрамханасында «Ұрпағымыз Азбасын» атты отбасылар және ұжымдық байқауы өтті.

«Ұрпағымыз Азбасын» атты байқау
19.04.2018 Толығырық...

30 қаңтар 2018 жылы Еуразиялық заң академиясының белсенді студенттері "Аязды жеңеміз" атты қайырымдылық акциясын өткізіп, осы аязды суық күндері Алматы қаласы тұрғындарының көпшілігіне жылу мен жақсы көңіл-күй сыйлады.

Қайырымдылық акциясы
31.01.2018 Толығырық...

2018 жылдың 25 қаңтар күні Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында студенттерге ұлттық рухани құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар - біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру мақсатында «Э және ЖББ» кафедрасының аға оқытушысы Умбеталиева Бакыт Қыдырбаевнаның ұйымдастыруымен «Қазақстанның рухани құндылықтары» тақырыбында іс-шара болып өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іс-шара болып өтті
30.01.2018 Толығырық...

28 қараша күні Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Руxани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес, «Алатау әуендері» концерттік бірлестігі «Құлансаз» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің концерті өтті.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған “Құлансаз” фольклорлы-этнографиялық ансамблінің концерті өтті
18.01.2018 Толығырық...

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын аясында 17 ақпан күні ҚТ-17-ҚБ,ОБ,КОБ, ҚҚҚ-17-ҚБ, ХҚ-17-ҚБ, Қ-17-ҚБ, ҚТ-16-ҚБ және топ кураторлары Бегазова Г.Н., Нурханова А.Г., Тасыбаева С.К., Дюсебаев Т.Т., Байсбаева А.А., Медеу мұзайдынында кураторлық сағат өткізді.

Медеу мұзайдынында кураторлық сағат
18.01.2018 Толығырық...

2017 жылдың 7 желтоқсанында Еуразия заң академиясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26-жылдығына және Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының 25-жылдығына орай Алматы қаласының ішкі саясат басқармасының қолдауымен YouthLeadearshipWorkshop «Көшбасшылар күні» тренинг/семинар өтті.

Алматы қаласының ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Youth Leadearship Workshop аясында «Көшбасшылық күні» тақырыбында семинар-тренинг өтті
07.12.2017 Толығырық...

2017 жылдың 14 қарашада Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында «Қаржыгерлер күні» және Ұлттық валютаның (теңгенің) 20 жылдығына арналған іс-шара өтті.

Қаржыгер күніне және ұлттық валюта - теңгенің 20 жылдығына арналған іс-шара
14.11.2017 Толығырық...

 

1 орын – kasclub Айдаров Нұрахмет (Қт-16-қб1)

2 орын – Нұрман Данабек (Қт-17-қб2)

3 орын – капитан команда Сырғабай Мади (Қт-16-қб3)

 

Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының 25-жылдық мерей тойына арналған «шағын футболдан» жарыстың қорытындысы
10.11.2017 Толығырық...
2389964
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы күн
1503
1939
12864
2365428
28030
74687
2389964

Сіздің IP: 54.221.147.93
Уақыт: 2018-12-16 23:59:07
Келушілер қарсы

Біздің серіктестер

  • 0010.png
  • 0011.png
  • 0012.png
  • 0013.png
  • 0014.png
  • 0015.png
  • 0016.png
  • 0017.png
  • 0018.png
  • 0019.png
  • 0020.png
  • 0021.png
Байланыс телефондары
Біздің мекен-жайымыз:



Алматы қаласы, Құрманғазы 107,

Байтұрсынов көшесінің қиылысы
Телефондар:
8 (727) 313-11-15, 8 (701) 513-11-55

Whats Up: 8 (701) 513 11 55
  vk.com/vuzkunaeva
  @academy_of_kunaev
  Канал на YouTube