Оқуға түсу үшін
онлайн өтініш білдіру

8 (727) 313-11-55, 8 (701) 513-11-55

Басты бет Cтуденттер Орталығы студенттер қызметі Студенттік Орталықтың туралы Demo ҚЫЛМЫСТЫҚ- ҚҰҚЫҚ ПӘНДЕР ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ КАФЕДРАСЫ

ҚЫЛМЫСТЫҚ- ҚҰҚЫҚ ПӘНДЕР ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ КАФЕДРАСЫ

Қылмыстық-құқық пәндер және құқық қорғау қызметі кафедрасы Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының алдыңғы қатарлы кафедралардың бірі болып табылады. 

    Кафедраның дамуына өз уақытында үлес қосқан  мамандар ретінде Қазақстанның атақты заңгерлері з.ғ.к., профессор А.И. Новиков пен з.ғ.к., профессор  И.Б. Зинкевичті атауға болады.           

Қазіргі уақытта кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы з.ғ.к., доцент Т.И.Зинкевич.

Кафедраның профессорлық – оқытушылық құрамы құқық қорғау органдары жүйесінде қомақты ғылыми және тәжірибелік жұмыс дағдыларына ие, ол дегеніміз студенттерге теориялық  білімдермен қатар қылмыстық құқық бұзушылықтармен  күресудегі құқыққолданушылық қызметінің тәжірибелік ептіліктерін  де дамытуға мүмкіндік береді.

        Қазіргі таңда кафедрада мемлекеттік және орыс тілдерінде білікті ғылыми  және тәжірибелік мамандар қызмет атқарады: з.ғ.д., профессор Д.С. Чукмаитов., з.ғ.д., профессор Куаналиева Г.А., з.ғ.д., профессор Утибаев Г.К.,  з.ғ.к., профессор  Новиков А.И., з.ғ.к., профессор  Зинкевич И.Б., з.ғ.к., ассоц.профессор  Вареникова С.П., з .ғ.к., доцент Зинкевич Т.И.,   з.ғ.к., доцент Терликбаев К.Т.,  з.ғ.к., доцент Казакеева С.С., з.ғ.к., доцент  Ахметова С.А., з.ғ.к., доцент  Есболатова Р.М., з.ғ.к., доцент Торғаутова Б.А.,  аға оқытушылар: Дюсебаев Т.Т. мен Рахимова Г.Н.. 

Қылмыстық-құқық пәндер және құқық қорғау қызметі кафедрасы «Құқықтану», «Құқық қорғау қызметі» және «Халықаралық құқық» мамандықтары бойынша студенттер мен магистранттарды даярлауды қамтамасыз етеді.

Кафедра профессорлық-оқытушы құрамымен студенттерге «Қылмыстық құқық», «Қылмыстық іс жүргізу құқығы», «Криминалистика», «Прокурорлық қадағалау», «Сот экспертологиясы», «Адвокатура» сияқты міндетті және профилдік пәндердің оқытылуы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, кафедрада студенттердің таңдауы бойынша жүргізілетін арнайы курстар қарастырылған, атап айтқанда: «ҚР Құқық қорғау органдары», «Қылмыстың жекелеген түрлерін тергеу әдістемесі», «Жеке адамға қарсы қылмыстар», «Қылмыстық атқару құқығы», «Жедел іздестіру қызметі», «Сот медицинасы және психиатрия негіздері» және т.б. 

Бейіндік және ғылыми-педогогикалық бағыттағы магистранттарға арналған «Қылмыстық және  қылмыстық-процестік заңнамаларды құқық қолданушылық тәжірибесінің өзекті мәселелері», «Халықаралық қылмыстарды тергеудің криминалистикалық ерекшеліктері», «Қылмыстарды тергеу кезінде процесуалдық емес ақпараттарды қолдану мәселелері» және т.б. пәндер жүргізіледі.

        Оқу беру ісінде кеңінен таратылатын интерактивті әдістер: қылмыс оқиғалары мен тергеу  әрекеттерін модельдеу арқылы іскерлік ойын, интерактивті тақтаны пайдалану арқылы әр түрлі сабақтар мен сайыстар, тәжірибелік есептерді шешу қолданылады.

Кафедра жанында тергеу әрекеттерін жүргізуге арналған оқу криминалистикалық полигон құрылған. Криминалистикалық тактика мен қылмыстардың жекеленген түрлерін тергеу әдістемесі пәндері бойынша тәжірибелік сабақтар шынайы өмірдегі қылмыстарға жақын оқиғаларды тергеуге арналған криминалистикалық оқу-әдістемелік полигонында жүзеге асырылады. 

Кафедраның кабинетері стендттер мен осы заманға сай көрнекті құралдармен жабдықталған; оқу процесінде техника – криминалистикалық құралдар, тергеу чемоданы, дактилоскопиялық ұнтақтар, мультимедиялық құрал-жабдықтар қолданылып, проектор бейнемагнитофон арқылы оқу-көркем фильмдер көрсетіледі. 

Кафедраның профессорлық-оқытушы құрамы ғылыми жұмыстармен жемісті айналысады. Олардың еңбектерінің басты мақсаты қылмыстық құқық, криминалистика, қылмыстық іс жүргізу құқығы және жедел іздестіру қызметі ғылымдарының теориясын, тәжірибесі мен заңнамалық техникасын жетілдіру және криминалистика, криминология, прокурорлық қадағалау, адвокатура, сот экспертологиясы ғылымдарының өрісін дамыту болып табылады. 

Оқытушылармен криминалистика, қылмыстық іс жүргізу құқығы және жедел іздестіру қызметі және т.б. бойынша көптеген жұмыстар жарияланды, олардың еңбектері республикалық сонымен бірге таяу және алыс шет елдердің басылымдарында көрініс тапты. 

Кафедра заң ғылымдарының докторлары, профессорлар Т.В. Аверьянова, А.Р. Белкин, Е.Р. Россинская сияқты Ресей Федерациясының атақты ғалым криминалистерімен белсенді ғылыми байланыс орнатқан. Елімізде осы ғалымдармен бірлесіп әзірленген криминалистика бойынша оқулықтар жарық көрді. Қазіргі уақытта кафедра  еліміз бен шет мемлекеттердің  алдыңғы қатарлы оқу орындары және құқық қорғау органдарымен ғылыми байланыс орнатқан.

Жаңалықтар

Еуразиялық заң академиясы Д.А. Қонаев көрермендермен кездесуді жалғастыруда 9 қабат – 27.03.2019, уақыт 14:30.

Бірінші курс студенттерімен кездесу кестесі
24.03.2019 Толығырық...

15.03.2019 ж. «Конституциялық, халықаралық құқық және кеден ісі» кафедрасы, «Академик С.З. Зимановтың құқықтық мұрасы және оның Қазақстандағы заң ғылымын қалыптастырудағы маңызы мен рөлі» атты дөңгелек үстел өткізді.

Тақырып бойынша дөңгелек үстел «Академик С.З. Зимановтың құқықтық мұрасы және оның Қазақстандағы заң ғылымын қалыптастырудағы маңызы мен рөлі»
15.03.2019 Толығырық...

13.03.2019 ж. «Конституциялық, халықаралық құқық және кеден ісі» кафедрасы ашық есік күнін өткізді.

Кафедраның ашық есік күні «Конституциялық, халықаралық құқық және кеден ісі»
13.03.2019 Толығырық...

2019 жылдың 12 наурыз күні Академияның акт залында Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімовтің шәкірттерінен құрылған «Жаңа ғасыр» театрының «Соңғы қоңырау» қойылымы көптін назарына ұсынылды.

«Жаңа ғасыр» театры
12.03.2019 Толығырық...

8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай Академиямызда 6 наурыз күні көптен күткен ең ауқымды «Мисс Академия - 2019» байқауы өткізілді.

«Мисс Академия - 2019» конкурсы
06.03.2019 Толығырық...

2019 жылы 11 Ақпанда Академияда көрнекті қазақ ақыны, жазушы Мұқағали Мақатаевқа арналған шығармашылық кеш өтті. Бұл іс-шараның құрметіне студенттер концерт ұйымдастырды, онда оның атақты өлеңдері мен әндері орындалды.

Мұқағали Мақатаевтың поэзиялық кеші «Сағынады Мұқанды сыздап жүрек»
11.02.2019 Толығырық...

Академия қабырғасында 6 ақпан күні «Ең алғыр студент» атты интеллектуалдық ойын өткізілді. Ойын 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде блиц-сұрақтар қойылып, алғыр студенттер іріктелді.

«Ең ақылды студент» зияткерлік ойыны
06.02.2019 Толығырық...

2019 жылы 6 ақпанда "Жастар жылы-2019" аясында, академияда Ректор кубогы атынан баскетболдан турнир өтті.

Баскетболдан ректор кубогі
06.02.2019 Толығырық...

17 қаңтар 2019 жылы Қазақстан Жазушылары кітапханасының Оқу залында «Ұлы даланың жеті қыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына арналған Қазақстан Жазушыларымен кездесу
17.01.2019 Толығырық...

2018 жылы 19 қарашада Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында «Экономикалық және жалпы білім беру пәндері» кафедрасы Қазақстан валютасы - теңге күніне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге «Нұрбанк» АҚ мен «Банкцентркредит» АҚ-нан мамандар шақырылды.

«Ұлттық валюта – ұлт мақтанышы» тақырыбында Ұлттық теңге күніне орай өткізілген іс-шара
04.01.2019 Толығырық...

Елімізде жыл сайын «Жылдың ең үздік студенті», «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің ұйымдастыруымен республикалық конкурс өтті. Конкурсқа Қазақстан жоғарғы оқу орындарының үздік студенттері қатысты.

«Үздік студент – 2018»
27.12.2018 Толығырық...

2018 жылдың 25 желтоқсан күні академияда студенттердің мерекелік жаңа жылдық кеші өткізілді.

«Жаңа жылдық мерекелік кеш»
25.12.2018 Толығырық...

Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң Академиясында «Тәуелсіз Қазақстанның Ұлы даласының құқықтық дәстүрлері және конституциялық бағалылығы» атты дөңгелек үстел өткізілгені жөнінде

«Тәуелсіз Қазақстанның Ұлы даласының құқықтық дәстүрлері және конституциялық бағалылығы» атты дөңгелек үстел өткізілгені жөнінде
25.12.2018 Толығырық...

12 қаңтар күні Д. А. Қонаевтың туғанына 107 жыл толуына орай еске алу күні өтті. Димаш Ахмедұлы Қонаев қазақ халқының ұлы баласы болды және КСРО кезінде өз Отанға-Қазақстан үшін өте көп еңбек етті.

Д.А. Қонаевтың туғанына 107 жыл
12.12.2018 Толығырық...

07.12.2018 года наши студенты участвовали в XII Международной научной практической конференции молодых учёных и студентов, посвященной 70-летию со дня принятия Всеобщей декларации прав человека: «Права человека: состояние, достижения и вызовы времени», организованной Каспийским Общественным Университетом, при поддержке Фонда Первого Президента.

XII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жас ғалымдар мен студенттердің
07.12.2018 Толығырық...
2685157
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы күн
940
1680
4823
2667730
43204
74925
2685157

Сіздің IP: 54.227.76.35
Уақыт: 2019-05-22 09:58:30
Келушілер қарсы

Біздің серіктестер

  • 0010.png
  • 0011.png
  • 0012.png
  • 0013.png
  • 0014.png
  • 0015.png
  • 0016.png
  • 0017.png
  • 0018.png
  • 0019.png
  • 0020.png
  • 0021.png
Байланыс телефондары
Біздің мекен-жайымыз:



Алматы қаласы, Құрманғазы 107,

Байтұрсынов көшесінің қиылысы
Телефондар:
8 (727) 313-11-15, 8 (701) 513-11-55

Whats Up: 8 (701) 513 11 55
  vk.com/vuzkunaeva
  @academy_of_kunaev
  Канал на YouTube