Оқуға түсу үшін
онлайн өтініш білдіру

8 (727) 313-11-55, 8 (701) 513-11-55

Тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысы академияның стратегиялық дамуында маңызды орын алады және оқу процесінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Академияда тәрбие жұмысының жүйесі үйлесімді тұлға қалыптасуына, студенттердің шығармашылық потенциалын жүзеге асыруда жағдай жасауға, олардың рухани, адамгершілік, дене жағынан өздігінен жетілуіне бағытталған.

Тәрбие ісі жөніндегі бөлімі қызметінің мақсаты - әлеуметтік жауапкершілігі мол тұлға қалыптасуына қолайлы жағдай жасау, студенттерге әлеуметтік жағынан қолдау көрсету, жастарды академияның мәдени және қоғамдық қызметіне тарту, мемлекеттік жастар жөніндегі саясатының бағдарламасын іске асыру, студенттердің әлеуметтік және мәдени мүдделерін өкіл ету және қорғау.

Академиядағы тәрбие жұмысының негізгі бағыттары:

• патриоттық және азаматтық тәрбие;

• рухани-адамгершілік тәрбие;

• құқықтық тәрбие;

• студенттердің діни сауаттылығын арттыру және экстремизмді алдын алу; 

• дене тәрбиесі және салауаттық өмір салтын қалыптастыру;

• экономикалық және экологиялық тәрбие;

• толеранттық мәдениет және ұлтаралық татулыққа тәрбиелеу.

Тәрбие жұмысы академияда ЖОО, кафедра, студенттік топ, ЖІжК (Жастар ісі жөніндегі комитет) және студенттік клубтар негізінде орындалады. Академияның студенттік клубтары, ол А-club (волонтер, қайырымдылық іс-шаралар, дебаттар, қалалық және республикалық іс-шаралар); Kas-club (мини футбол, волейбол, күрес, баскетболдан біздің спорттық мақтанышымыз), E-club (академияның дәстүрлі түрде өткізетін концерт және басқа да іс-шараларды дайындайтын жасампаз студенттері (әнші, биші, дизайнерлер).

ЖІжК-нің төрағасы 3 курс студенті Туғанбай Болат, төраға орынбасары 2 курс студенті Сұлтан Нұржайна.

Тәрбие ісі жөніндегі мәселелер тәрбие ісі жөніндегі проректормен ұйымдастырылады және атқарылады.

Студенттер мол қызығушылық көрсететін салтанатты кештер, олар Білім күні, «Студенттікке арнау», Тұңғыш Президент күні, «Ретро» фестивалі, «Наурыз» мейрамы, академия ректоры кубогына арналған спорттық турнирлер, Тәуелсіздік күні және Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шаралар.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауының негізгі ережелерін орындау және насихаттауға ерекше көңіл аударылады. Қазақстан Республикасы басшысы жолдауындағы басым бағыттарын түсіндіруге кешенді іс-шаралар жүргізіледі.

Тәрбие жұмысының басым бағыттарының бірі болып құқықтық сауаттылықты арттыру, жастар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет.Осы бастапқылықты іске асыру мақсатында жүйелі түрде дөңгелек үстелдер, дебат және лекциялар өткізіледі.

Тәрбие жұмысының қалыптасқан бір түрі - «Тәлімгерлер кеңесінің» жұмысы болып табылады. Тәлімгерлер кеңесі өзінің жұмысын «Тәлімгерлер кеңесі жоспарына» сай жүргізеді.

Д.А.Қонаев атындағы еуразиялық заң академиясы студенттердің әлеуметтік қорғау мәселелеріне ерекше көңл аударады.

Студенттерге әлеуметтік көмек көрсетудің негізгі нысаны болып келсілер табылады:

жетім балалар және ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларға жәрдемақы беру – ЖШС «Анакон»;

жетім балалар және ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларға, көп балалы отбасылардан балаларға, аз қамтылған отбасылардан балаларға, толық емес отбасылардан балаларға, үздік оқушыларға оқу ақысына жеңілдіктерді беру.

Академияда әлеуметтік саладағы жұмыстарды академияның аға тәлімгері атқарады.

 

Жаңалықтар

Еуразиялық заң академиясы Д.А. Қонаев көрермендермен кездесуді жалғастыруда 9 қабат – 27.03.2019, уақыт 14:30.

Бірінші курс студенттерімен кездесу кестесі
24.03.2019 Толығырық...

15.03.2019 ж. «Конституциялық, халықаралық құқық және кеден ісі» кафедрасы, «Академик С.З. Зимановтың құқықтық мұрасы және оның Қазақстандағы заң ғылымын қалыптастырудағы маңызы мен рөлі» атты дөңгелек үстел өткізді.

Тақырып бойынша дөңгелек үстел «Академик С.З. Зимановтың құқықтық мұрасы және оның Қазақстандағы заң ғылымын қалыптастырудағы маңызы мен рөлі»
15.03.2019 Толығырық...

13.03.2019 ж. «Конституциялық, халықаралық құқық және кеден ісі» кафедрасы ашық есік күнін өткізді.

Кафедраның ашық есік күні «Конституциялық, халықаралық құқық және кеден ісі»
13.03.2019 Толығырық...

2019 жылдың 12 наурыз күні Академияның акт залында Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімовтің шәкірттерінен құрылған «Жаңа ғасыр» театрының «Соңғы қоңырау» қойылымы көптін назарына ұсынылды.

«Жаңа ғасыр» театры
12.03.2019 Толығырық...

8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай Академиямызда 6 наурыз күні көптен күткен ең ауқымды «Мисс Академия - 2019» байқауы өткізілді.

«Мисс Академия - 2019» конкурсы
06.03.2019 Толығырық...

2019 жылы 11 Ақпанда Академияда көрнекті қазақ ақыны, жазушы Мұқағали Мақатаевқа арналған шығармашылық кеш өтті. Бұл іс-шараның құрметіне студенттер концерт ұйымдастырды, онда оның атақты өлеңдері мен әндері орындалды.

Мұқағали Мақатаевтың поэзиялық кеші «Сағынады Мұқанды сыздап жүрек»
11.02.2019 Толығырық...

Академия қабырғасында 6 ақпан күні «Ең алғыр студент» атты интеллектуалдық ойын өткізілді. Ойын 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде блиц-сұрақтар қойылып, алғыр студенттер іріктелді.

«Ең ақылды студент» зияткерлік ойыны
06.02.2019 Толығырық...

2019 жылы 6 ақпанда "Жастар жылы-2019" аясында, академияда Ректор кубогы атынан баскетболдан турнир өтті.

Баскетболдан ректор кубогі
06.02.2019 Толығырық...

17 қаңтар 2019 жылы Қазақстан Жазушылары кітапханасының Оқу залында «Ұлы даланың жеті қыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына арналған Қазақстан Жазушыларымен кездесу
17.01.2019 Толығырық...

2018 жылы 19 қарашада Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында «Экономикалық және жалпы білім беру пәндері» кафедрасы Қазақстан валютасы - теңге күніне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге «Нұрбанк» АҚ мен «Банкцентркредит» АҚ-нан мамандар шақырылды.

«Ұлттық валюта – ұлт мақтанышы» тақырыбында Ұлттық теңге күніне орай өткізілген іс-шара
04.01.2019 Толығырық...

Елімізде жыл сайын «Жылдың ең үздік студенті», «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің ұйымдастыруымен республикалық конкурс өтті. Конкурсқа Қазақстан жоғарғы оқу орындарының үздік студенттері қатысты.

«Үздік студент – 2018»
27.12.2018 Толығырық...

2018 жылдың 25 желтоқсан күні академияда студенттердің мерекелік жаңа жылдық кеші өткізілді.

«Жаңа жылдық мерекелік кеш»
25.12.2018 Толығырық...

Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң Академиясында «Тәуелсіз Қазақстанның Ұлы даласының құқықтық дәстүрлері және конституциялық бағалылығы» атты дөңгелек үстел өткізілгені жөнінде

«Тәуелсіз Қазақстанның Ұлы даласының құқықтық дәстүрлері және конституциялық бағалылығы» атты дөңгелек үстел өткізілгені жөнінде
25.12.2018 Толығырық...

12 қаңтар күні Д. А. Қонаевтың туғанына 107 жыл толуына орай еске алу күні өтті. Димаш Ахмедұлы Қонаев қазақ халқының ұлы баласы болды және КСРО кезінде өз Отанға-Қазақстан үшін өте көп еңбек етті.

Д.А. Қонаевтың туғанына 107 жыл
12.12.2018 Толығырық...

07.12.2018 года наши студенты участвовали в XII Международной научной практической конференции молодых учёных и студентов, посвященной 70-летию со дня принятия Всеобщей декларации прав человека: «Права человека: состояние, достижения и вызовы времени», организованной Каспийским Общественным Университетом, при поддержке Фонда Первого Президента.

XII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жас ғалымдар мен студенттердің
07.12.2018 Толығырық...
2684540
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлығы күн
323
1680
4206
2667730
42587
74925
2684540

Сіздің IP: 54.146.98.143
Уақыт: 2019-05-22 01:40:50
Келушілер қарсы

Біздің серіктестер

  • 0010.png
  • 0011.png
  • 0012.png
  • 0013.png
  • 0014.png
  • 0015.png
  • 0016.png
  • 0017.png
  • 0018.png
  • 0019.png
  • 0020.png
  • 0021.png
Байланыс телефондары
Біздің мекен-жайымыз:



Алматы қаласы, Құрманғазы 107,

Байтұрсынов көшесінің қиылысы
Телефондар:
8 (727) 313-11-15, 8 (701) 513-11-55

Whats Up: 8 (701) 513 11 55
  vk.com/vuzkunaeva
  @academy_of_kunaev
  Канал на YouTube