Құрметті академия ұстаздары мен студенттерi және қонақтар! Сіздерді Академиямыздың 30 жылдығына орай ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың, «Аққулар ұйықтағанда…» атты әдеби-сазды кешімізге шақырамыз. Кеште ақынның өлеңдерін оқумен қатар, оның өлеңдеріне жазылған тамаша әндерді де тыңдай аласыздар. Өткізілу уақыты мен орны: 09. 02. 2023 жыл. сағат 12.30. Академия акт залы. Керемет кештің қадірлі қонағы болыңыздар!
Академиямыздың 30-жылдығына байланысты 09.02.2022 жылы Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай, «Аққулар ұйықтағанда...» атты әдеби-сазды кешіміз өтті.
Кеште 1-2 курс студенттері өнер көрсетті.
М.Мақатаевтың сөзіне жазылған «Есіңе мені алғайсың...» әніне вальс биледі.
1 курс студенттері Сабырбек Алмас пен Кеңес Ержанның орындауында «Ерке сылқым» күйі орындалды.
1 курс студенттерінен құралған трио «Фариза...» әнін жанды дауыста орындады.
«Сенің көзің...» әнімен 1 курс студенті Жаханов Ерсайым өнер көрсетті.
1-2 курс қатысуымен «Аққулар ұйықтағанда...» поэмасын көрініс қойып сомдады.